06 Мамыр 2019
848

Студентке

Оқу сабақтарының кестесі

 

 


Рудный музыкалық колледжінің ішкі тәртіп ЕРЕЖЕСІ

 

колледждің әрбір оқушысының міндеті:

 

  • Теориялық білімді, практикалық білу мен дағдаларды адал білуі, өзінің азаматтық және мәдени деңгейін арттыру;
  • қоғамдық-пайдалы еңбекке, өз-өзіне қызмет етуге және колледждің қоғамдық өміріне қатысу;
  • тәртіпті болу: дәріс басталғанан кейін үзіліске дейін сабаққа кіру мүмкін емес, бұл сағат сабаққа келмеген деп есептеледі;
  • курс бойынша сағат көлемінің 30% сабаққа келмеген болса пән курсы бойынша «қанағаттанарық» аттестациясын береді, 40%  болса-«қанағаттанарылықсыз»-30%
  • әдепті болу, аудиторияға үлкен жастағы кісі кіргенде, сұрау, жауап берілгенде орнынан тұру, оқытушының рұқсатымен ғана отыру; оқытушымен және колледж қызметкерлерімен кездескенде  орнынан тұрып, сәлемдесу;
  • ұқыпты және таза киіну; салмақты және әдепті болу;
  • киінгенде офисьтік стильді сақтау «костюмдер, шалбарлар, жакеттер
  • Футболка және  джинсы киуге, сыртқы киімде және бас киімде жүруге; дәлізде қатты сөйлеу, айқайлауға шулауға тиым салынады;
  • Оқытушыларды, қызметкерлер  және колледж оқушыларын құрметтеу
  • Колледждің ішкі тәртібін сақтау-соблюдать правила внутреннего распорядка в колледже;
  • Қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау;
  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен және жазу құралдарымен келу
  • Науқастанғанда және басқа да себептермен сабақ қалдырғанда оқушы үш күндік мерзімде директордың оқу жұмыстары бойынша орынбасарын, бөлімше меңгерушісін немесе сынып жетекшісін ескертуі қажет
  • Науқастанғанда емдеу мекемесінің белгіленген нысандағы анықтамасын беру қажет.

Оқушылар колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз сыныптардан, кабинеттерден, зерттеуханалардан және басқа үй-жайлардан  жиһаздарды, құралдарды шығаруға тиым салынады.

Колледжде және оның аумағында темекі тартуға тиым салынады.

Жақсы үлгерімі, республикалық конкурстардағы жеңісі  үшін, үздік мінез-құлық және белсенді қоғамдық жұмыстар кезінде оқушылар үшін келесі марапаттар белгіленеді:      

- алғыс;

- Грамоталармен марапаттау;

-бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай сыйақылармен марапаттау.

Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережесін бұзған оқушыларға келесі тәртіптік жазалар қолданылады:

- ескерту;

- сөгіс (директордың бұйрығымен жарияланады;

- қатаң сөгіс (жеке ісіне жазылады)

 -колледжден шығару.

Оқушыларды колледжден шығару, сондай ақ қайта орынына қабылдау педагогтық кеңес шешімі бойынша директордыңбұйрығымен жүргізіледі.

Оқушы колледж оқушылары құрамынан шығарылуы мүмкін:

  • өз еркімен;
  • ВКК анықтамасы негізінде шығарылуы мүмкін;
  • Басқа білім беру ұйымына өтуге байланысты (жазғы немесе қысқы каникул кезінде);
  • 3 пәннен артық пәндер бойынша академиялық қарызы үшін (сессия қорытындысы және педагогтық кеңес шешімі бойынша);
  • колледждің ішкі тәртібін бұзғандығы үшін
  • оқуға төлемегенде

Ішкі тәртіп ережелері колледждің кәсіподақ комитетімен келісілген.